ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «DALA FRUIT» АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ЖЕМІС БАҚТАРЫ ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📍Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысы – табиғи-климаттық жағдайы ауыл шаруашылығына аса қолайлы өңір. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып отырған өңірдегі кәсіпорындардың бірі – «Dala Fruit». Компания Сайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан және бүгінде заманауи агроөнеркәсіптің жарқын үлгісіне айналып отыр. Қазақстандағы ірі агроөнеркәсіптік компаниялардың бірі саналатын бұл кәсіпорын негізінен алма және басқа да жемістер өсіру, сақтау, өңдеу және шырын өндірумен айналысады. Жоба жеке инвестор есебінен және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Бүгінде компанияның бақтарында жеміс ағаштары гүлдеп, гүл көктеммен бірге жайқалып тұр.
🔰Кәсіпорын аз уақыт ішінде қарқынды дамып, интенсивті алма бақтарын қалыптастырды. Қазіргі таңда 800 гектардан астам аумақта жоғары өнімді бақтар өсіріліп, жыл сайын 8-10 мың тоннаға дейін сапалы алма жиналады. Өндірісте Италия, Германия, Австрия және Түркия сияқты елдердің озық тәжірибелері енгізілген. Тамшылатып суару жүйесі, сапалы көшеттер және нақты агротехникалық талаптарды сақтау – жоғары өнімнің басты кепілі.
🔰Компания өсіретін алма сорттары да халықаралық нарық сұранысына сай. Олардың қатарында Айдаред, Голден Делишес, Ред Делишес, Гренни Смит және Джонаголд секілді танымал түрлері бар. Бұл өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ішкі нарықпен қатар экспорт көлемін де ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Dala Fruit» тек жеміс өсірумен шектелмейді. Кәсіпорында заманауи шырын өндіру желісі іске қосылған. Мұнда табиғи, қоспасыз, тікелей сығылған алма шырындары өндіріледі. Осылайша, тұтынушыға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынылып келеді.
🔰Сондай-ақ компанияның сыйымдылығы 15 мың тоннадан астам көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын заманауи қоймалары жемістерді ұзақ уақыт бойы сапасын жоғалтпай сақтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында нарық жыл бойы балғын өніммен қамтамасыз етіледі.
🔰Отандық өнім халықаралық нарықта сұранысқа ие. Бүгінде «Dala Fruit» өнімдері Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Белорусия және Қытай нарықтарына экспортталып жатыр.
🔰Кәсіпорынның тағы бір маңызды қыры – әлеуметтік жауапкершілігі. Мұнда жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл ауыл тұрғындары үшін табыс көзі ғана емес, өңір экономикасының дамуына қосылған үлкен үлес.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1201685?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді