
Шет ауданының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына Төлеубаев Олжас Жұмагелдыұлы тағайындалды.
Төлеубаев Олжас Жұмагелдыұлы 1996 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.
Алғашқы еңбек жолын 2017 жылы «Қазпошта» АҚ-ның Ақсу-Аюлы аудандық пошта байланысы бөлімінің маманы қызметінен бастаған. 2018-2020 жылдары келісім-шарт негізінде Шет ауданы әкімінің орынбасарының көмекшісі, 2020 жылы Шет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2020-2023 жылдары Шет ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2023-2024 жылдары Шет ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдан бүгінге дейін Шет ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1201245?lang=kk

Жауап қалдыру