Жапарғалиев Елес Қайырғалиұлы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тағайындау

«ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 12 сәуір күні Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Осыған орай, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізіліп, сайлау қорытындысы ресми түрде жария етілді. Алакөл аудандық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Жапарғалиев Елес Қайырғалиұлы Алакөл ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Жапарғалиев Елес Қайырғалиұлы – еңбек өтілі-18 жыл, мемлекеттік қызметте тәжірибесі қалыптасқан білікті маман. Оның алдағы қызметінде жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі округтің дамуына оң серпін береді деп сенеміз.

Кездесу барысында жаңадан тағайындалған округ әкіміне жүктелетін негізгі міндеттер нақтыланып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі жалғастыру, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар аудан әкімі А.Абдинов тарапынан берілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі ел сенімін абыроймен ақтап, жауапты қызметті жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1201504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді