
11 сәуір түнгі сағат 03 шамасында Петропавл қалалық полициясына бірнеше хабарлама келіп түсті. Қала тұрғындары белгісіз азаматтың «BMW» автокөлігінде Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы супермаркеттердің бірінің маңында қауіпті маневрлер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындардың мазасын алғандығын айтқан.
Экстремалды жүргізуді ұнататын азаматтың түнгі әрекеттері бейнебақылау камераларына, сондай-ақ кездейсоқ өтіп бара жатқан қала тұрғының телефонына да түскен. Полиция қызметкерлері көп ұзамай құқық бұзушыны анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Облыс орталығының 18 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар жиналды. 13 сәуір, дүйсенбі күні құқық бұзушы сот алдында жауап берді. Жалпы, жаяу жүргіншілер көшесінде түнгі дрифт жасағаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: апаттық жағдай туғызу, маневр жасау қағидаларын бұзу, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық.
Тәртіп сақшылары Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын айналасындағылардың қауіпсіздік пен тыныш демалу құқықтарын құрметтеуге, сондай-ақ жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1201635?lang=kk

Жауап қалдыру