2026 жылғы 1 тоқсандағы қызмет қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Мирас Сабаганов 1-тоқсанның қорытындысы бойынша Департамент қызметін түйіндеді.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік алаңында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген жұмыстардың нәтижелері жарияланды.

Мәселен, жыл басынан бері облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметіне 67 тексеру жүргізілді. Оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 95 жағдайы анықталып, кемшіліктерді жою туралы 57 ұйғарым берілді.

32 лауазымды және заңды тұлға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың үш айы ішінде облыс кәсіпорындарында 7 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58%-ға төмен (өткен жылы 12 адам).

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша 12 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 29 дәріс-семинар өткізілді.

Жалпы алғанда, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы жағдай тұрақты. Облыста әлеуметтік шиеленіс деңгейі төмен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1202055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді