
Көп балалы аналар мен мекеме қызметкерлерін ауыл әкімі құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жаңаарық ауылдық округінде мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында ауыл әкімі көп балалы аналар мен мекеме қызметкерлерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы және отбасы тәрбиесіндегі маңызды рөлін атап өтті.
Мерекелік кездесуде аналар мен қызметкерлерге жүрекжарды жылы лебіздер айтылып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар көп балалы аналар мен мекеме қызметкерлеріне алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барысында қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1202248?lang=kk

Жауап қалдыру