ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ!
“Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік” тақырыбында Ақтау қаласында өткен ІІІ республикалық әдіскерлер форумында Қазталов ауданы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің м.а. Кенжегалиева Асыл Закарияқызы аудандық әдістемелік қызметтің тиімді тәжірибесін таныстырды.
🔹 Форум аясында әдістемелік кабинеттің “Табысқа қадам: Bilim&Sapa” жобасы ұсынылып, педагогтердің және мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім сапасын жақсартуға бағытталған дарынды оқушылармен жұмыстар кеңінен баяндалды.
🔹 Жоба барысында педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жүйелі іс-шаралар кешені жүзеге асырылды: пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, шеберлік сыныптары мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және білім сапасын жүйелі мониторинг арқылы бақылау бағытында нақты жұмыстар жүргізілді.
✨ Аталған жоба форум қатысушылары тарапынан жоғары бағаланып, озық тәжірибе ретінде ІІІ республикалық әдіскерлер форумының ресми жинағына енгізілді. Бұл – Қазталов ауданының білім беру саласындағы жүйелі жұмысының, әдістемелік қызметтің сапалы ұйымдастырылуының және педагогтердің кәсіби дамуына жасалған қолдаудың айқын дәлелі.
📊 Бүгінде әдістемелік қызметтің басты мақсаты – білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді, заманауи және нәтижелі орта қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
👏 Қазталов ауданының білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1201766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді