Әкім жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу комиссиясының отырысы: заңсыз ойын бизнесі мен дропперлікке қарсы күрес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында заңсыз ойын бизнесі мен дропперлікке қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Аталған құқық бұзушылықтардың цифрлық ортаға ауысып, жүйелі сипат алып отырғаны атап өтілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелсе (2025 жылы — 5), құқыққа қайшы әрекеттерге 1250-ден астам азамат тартылған.

Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан топтың 8 мүшесі сотталды. Олардың жалпы табысы 786 млн теңгеден асқан. Сонымен қатар көлемі 600 млрд теңгеден асатын заңсыз қаржылық операциялар анықталып, халықаралық call-орталық пен 200 млн USDT-тан асатын криптовалюталық айналым арналарының қызметі тоқтатылды.

Дропперлік мәселесіне ерекше назар аударылды: шамамен 68 мың карта пайдаланылып, олардың айналымы 14 млрд теңгені құраған. Қазіргі таңда 300-ден астам дроппер қатысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізілуде, олар арқылы 4 млрд теңгеден астам қаржы айналымы өткен.

Отырыс қорытындысы бойынша бақылау мен алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, азаматтарды ақпараттандыру, күмәнді транзакцияларды анықтау, банк қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ лудоманияның алдын алу бағдарламаларын дамыту көзделуде.

Заңсыз ойын бизнесі мен көлеңкелі қаржылық схемаларға қарсы тиімді іс-қимыл тек ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы мүмкін екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/1202503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді