Ақмола облысы IV Беларусь- Ресей туристік конгресінде өзінің туристік әлеуетін таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7–8 сәуірде IV Беларусь–Ресей туристік конгресі және «Travel Hub Содружество» халықаралық туристік форумы өтті. Аталған іс-шара ТМД елдерінің туристік саласындағы жетекші сарапшыларын бір алаңға біріктірді.

Форум туризм саласындағы өзекті үрдістер мен даму перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Пленарлық отырыстан бөлек, агро және экотуризм, гастрономиялық, патриоттық, іскерлік туризмді дамыту, сондай-ақ экскурсиялық және туроператорлық қызмет мәселелеріне арналған салалық секциялар ұйымдастырылды.

Форум жұмысына 800-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, туроператорлар, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, инвесторлар, банк секторы мен көлік компаниялары бар 80-нен астам сарапшы болды. Қатысушылар географиясы Ресейдің 20-дан астам өңірін, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерін қамтыды.

Халықаралық алаңда Қазақстан атынан Қазақстанның агро және ауыл туризмі қауымдастығы қатысты. Қауымдастық президенті Халида Ашимова баяндама жасап, оның аясында «Бурабай» ұлттық паркінің мысалында туристік инфрақұрылымды дамытудың заманауи тәсілдері мен технологиялары таныстырылды.

Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Ақмола облысының туристік әлеуетін сыртқы нарықта ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының туризм басқармасы өңірдің туристік саласын дамыту, заманауи тәжірибелерді енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1202469?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді