АРМИЯ – ШЫДАМДЫЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП МЕКТЕБІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін ашық есік күні өтті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Экскурсия барысында студенттер көптеген жаңа әрі пайдалы мәліметтермен танысты. Әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсетті. Іс-шара бағдарламасы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі қызметтің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтыды.⁣⁣


Қонақтарға бақылау-өткізу пункті, саптық алаң көрсетіліп, әскери қызметтің атқарылу тәртібі түсіндірілді. Студенттер казарма ғимараттарын, оқу сыныптарын аралап, қару-жарақ үлгілерімен және оларды пайдалану ережелерімен танысты, сондай-ақ әскери киім үлгілерін көрді.⁣⁣⠀

Қатысушыларға ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – қаруды қолмен ұстап көріп, оны бөлшектеу мен жинақтауды өздері орындау мүмкіндігі болды.⁣⁣⠀

– Бүгін біз колледж студенттерімен бірге әскери бөлімге танысу мақсатында келдік. Бұл сапар өте танымдық болды, себебі біз бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаздардың күнделікті өмірін көрдік. Армия – шыдамдылық пен тәртіптің нағыз мектебі, ол әрбір жас үшін үлкен тәжірибе береді, – деді «Авиценна» атындағы жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Жандарбаева.⁣⁣⠀

Іс-шара соңында қонақтар сарбаздар асханасында түскі ас ішті. Бұған дейін оларға тағамдардың қандай өнімдерден дайындалатыны және әскери қызметшілердің ас мәзірі қалай жасақталатыны көрсетілді.⁣⁣⠀

Заманауи әскери қызмет жағдайлары студенттерді өзінің ұқыптылығымен және жайлылығымен жағымды таңғалдырды. Отан қорғаушы мамандығы туралы жарқын әсерлер адам жадында ұзақ сақталып, патриоттық рухтың, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етеді.⁣⁣⠀

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1202414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді