
Бүгін облыс әкімдігі ғимаратының азаматтарды қабылдау орталығында Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.Бекмағанбетов азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын кезекті мемлекеттік аттестаттаудан өту барысы, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу тәртібі бойынша өз сауалдарын жолдады.
Жеке қабылдау кезінде азаматтардың көтерген мәселелері жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1202643?lang=kk

Жауап қалдыру