
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова өңірдің бизнес қауымдастығымен және серіктестерімен кездесті. Онда кәсіпкерлермен әріптестікті нығайту, бизнестің жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету және өңірдің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін заманауи қаржы құралдарын дамыту мәселесі талқыланды.
Кездесуде Қостанай облысының әкімі тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңіріміздің қаржы нарығында екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына берген несиелік салымдары 119,1 млрд теңгені құрағанын жеткізді.
Берілген несиелердің ең көп үлесі сауда саласына тиесілі – жалпы соманың 16,1%-і, өнеркәсіпке – 15,9%, құрылыс саласына – 2,7%. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға 30,4 млрд теңге несие берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ке көп.
«Облыстың банктік депозиттік базасы бір жыл ішінде 20,7%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде депозиттік нарықтың 80%-і халықтың салымдарына тиесілі. Депозиттерді долларландыру деңгейі 8,3%-ті құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайыздық үлеске төмендеді. Бұл теңгеге деген сенімнің артқанын көрсетеді» — деп атап өтті аймақ басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1202519?lang=kk

Жауап қалдыру