БРИФИНГ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингінің негізгі тезистері.

Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаев тапсырмасы аясында Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі тұрақты даму динамикасын көрсетуде.

Бүгінде бұл — 12 мың маман және 560 медициналық ұйым, қосымша 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны іске қосылып, инфрақұрылым кең ауқымда жаңғыртылуда. Өңірде 630 төсек-орынға арналған заманауи облыстық аурухана құрылысы жүргізілуде (дайындығы — 54%), сондай-ақ ауылдық медициналық нысандар іске қосылуда.

Жедел жәрдем бригадаларының саны 76-ға дейін ұлғайтылды. Тек бірінші тоқсанда 60 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетілді, оның ішінде санитарлық авиация арқылы да көмек көрсетілді.

Негізгі көрсеткіштер: ана өлімінің нөлдік деңгейі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 7,8%-ға, инфаркттан — 40,8%-ға, қант диабетінен — 85,7%-ға, онкологиядан — 18,9%-ға төмендеді.

Өңір жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуда, кадрлық әлеуетті күшейтуде және телемедицина мен жасанды интеллектті қоса алғанда, цифрлық шешімдерді белсенді енгізуде.

Жалпы, облыстың денсаулық сақтау жүйесі нақты әрі өлшенетін нәтижелермен белсенді даму кезеңінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1202403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді