
2026 жылы бекітілген дін саласындағы ақпараттық – түсіндіру тобының іс-шара жоспарына сәйкес ақпан айында Жаңаарық ауылдық округ тұрғындарымен Жамбыл облысы “Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы” аудандық теолог Мырзағараев Мақсат арнайы шақырылып «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні неде?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық қағидаттары, ар-ождан бостандығы, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Шараның басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, діни толеранттылықты нығайту және тұрғындарға дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1201908?lang=kk

Жауап қалдыру