
2026 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ғимаратында Департамент басшысының міндетін атқарушысы Б. Кемаловтың төрағалығымен кездесу өтті.
Кездесуге «Delta Solution Service» ЖШС директоры Н. Құрман, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары О. Тлепов, Түпқараған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Мақашов, «Отын-энергетика кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К. Қосшығұлова, сондай-ақ «Түпқараған жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша мекеме басшылығына және кәсіподақ өкілдеріне тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1202454?lang=kk

Жауап қалдыру