«Халық қатысатын бюджет» жобасына дауыс беру жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қала тұрғындарының ұсыныстары негізінде жобалар іріктеліп, дауыс беру кезеңі жүргізілуде.

Биыл келіп түскен көптеген ұсыныстардың ішінен белгіленген ереже мен критерийлерге толық сәйкес келетін 22 жоба іріктелді. Аталған жобалар қаланың көркеюіне, инфрақұрылымның дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Олардың қатарында аула аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру, ойын алаңдарын жаңарту, аллеялар салу сынды бастамалар бар.

– Әрбір тұрғын өзі маңызды деп санайтын жобаға дауыс беріп, қаланың дамуына өз үлесін қоса алады, – деді Ақтау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің маманы Айзада Сүйіндік.

Дауыс беру қала әкімдігінің ресми сайтында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілті арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 20 дауыстан кем жинаған жобалар іске асырылмайды. Ал жоғары нәтижеге қол жеткізген жобалар 2027 жылғы қала бюджеті есебінен жүзеге асырылатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1201756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді