Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл аумағында жүйелі тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, тоған бойлары, су өткізгіш құбырлар мен ауыл көшелеріндегі арықтар қоқыс, лай және мұз қалдықтарынан тазартылды.
Бұл шаралар еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, елді мекенді су басу қаупін төмендетуге бағытталған. Алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Жауап қалдыру