Моңғолия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 сәуір, Астана – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов жаңадан тағайындалған Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Батжаргал Гунаажавыннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығының түрлі аспектілері талқыланды.

Ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шаралар кестесіне ерекше назар аудара отырып, тараптар саяси диалогтың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді