Нотариаттық палата

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 сәуірінде Түркістан облысының Әділет департаменті мен Түркістан облыстық нотариаттық палатасы қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде біліктілік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуге байланысты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында Түркістан облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы Н. Ербекешов ҚР «Нотариат туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес нотариус болу үшін міндетті талаптардың бірі – жоғары заң білімі болуы қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңының 1-бабына сәйкес:
• бакалавриат – жоғары білім беру бағдарламасы болып табылады және «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған;
• магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі болып табылады және «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
Осылайша, магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім болып табылатындықтан, біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін жоғары заң білімі (бакалавриат) туралы диплом талап етілетіні түсіндірілді.
Семинар кеңес барысында тараптар өз пікірлерімен бөлісіп, Әділет департаменті тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілу барысынды қолданыстағы заң нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-trk/press/news/details/1201832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді