Облыстық психикалық орталығында қызметкерлермен кезекті жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиынды орталық директоры Тажеков Алимбек Мұхтарұлы жүргізіп, мекеменің ағымдағы жұмыс барысы мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Кездесу барысында қызмет сапасын арттыру, KPI көрсеткіштерін орындау, белгіленген индикаторларға қол жеткізу, сондай-ақ пациенттермен тиімді жұмыс жүргізу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, еңбек тәртібін сақтау мен қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Жиын барысында қызметкерлер тарапынан ұсыныстар айтылып, күнделікті жұмыс кезінде кездесетін қиындықтар мен өзекті мәселелер ортаға салынды. Әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Орталық директоры өз сөзінде: «Әрбір көрсеткіш – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан сапалы қызмет көрсету, тәртіпті сақтау және кәсіби жауапкершілік – әр қызметкердің басты міндеті», – деп атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1202312?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді