Оқу-жаттығу іс-шарасына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 17 сәуірінде сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін Алматы қаласы, Қаппаров көшесі, 167 мекенжайында орналасқан «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында адамдар көп шоғырланатын нысандардағы түрлі ықтимал жағдайларға жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
Осыған байланысты азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ іс-шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді өтінеміз.
Қала тұрғындарын аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1202490?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді