
2026 жылғы 16–17 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен білім беру саласының өкілдері қатысып, қосымша білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен жаңа бағыттарды талқылады. Павлодар облысынан барған делегация қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары тәжірибе алмасып, саланы дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Павлодар облысының өкілдері кеңес жұмысына белсене қатысып, қосымша білім берудің стратегиялық бағыттары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.
— Алма Ерубаева, Павлодар қаласы М.М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайының директоры
«Қосымша білім берудің икемді форматтары: көшбасшылық пен азаматтықты дамытудағы жобалық тетіктер» атты баяндамасында білім беру үдерісіндегі заманауи инновациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.
— Жантоты Акишева, Ақсу қаласы «AQSY» балалар эко-техноорталығының директоры
«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын әзірлеу туралы» тақырыбындағы баяндамасында экологиялық білім беруді жүйелеудің өзекті бағыттарын ұсынды.
— Жанна Темирова, Павлодар қаласы Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының директоры
«2026–2030 жылдарға арналған балалар мен жасөспірімдер туризмі, экологиялық білім беру және өлкетану салаларын дамытуға арналған тұжырымдамалық тәсілдер» атты баяндамасында аталған бағыттарды дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырды.
Кеңес жұмысы қосымша білім беру жүйесін дамытуға серпін беретін маңызды кәсіби алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1202538?lang=kk

Жауап қалдыру