
Қонаев станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қонаев станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтық және қызметтік қарудың заңды айналымын бақылау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларын сақтауын тексеруде. Сонымен қатар, заңсыз қару айналымының алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Қару сақтау және пайдалану талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және өзге де шаралар қабылданатын болады.
Көлік полицейлері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, тіркелмеген және заңсыз қаруды сақтамауға, сондай-ақ кез келген күмәнді жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1201826?lang=kk

Жауап қалдыру