Қазақстанда 3 энергоблок, 12 қазандық пен 5 турбина жөнделуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде биыл 9 энергоблокты, 55 қазанды және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

Қазіргі таңда 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталды. 12 қазандық жөнделуде, оның ішінде біреуінің жөндеуі аяқталды. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбина жөнделуде.

Қалған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар энергетикалық жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1202017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді