ШУ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шу ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, елді мекендегі бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында ауыл ішіндегі көшелердің жағдайымен танысты. Жаңадан салынған жабық шағын футбол алаңында және медициналық пунктте болып, әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді.
Аудан басшысы нысандардың сапалы пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына ерекше назар аударып, айналасын абаттандыру, тазалықты сақтау бағытында округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жүктелген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын ескертті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1202609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді