Сотталған азаматтарға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар және жеке сот орындаушылардың қатысуымен құқықтық көмек көрсетілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң мен тәртіп қағидаттарын негізге ала отырып, №72 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар және жеке сот орындаушылардың қатысуымен тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, мекемеден босатылуға дайындалып жатқан азаматтарға «Қақпа алдындағы кездесу» жобасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделу, тұрақты жұмысқа орналасу, заң талаптарын сақтай отырып күнделікті өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылатын қызметтер мен қолдау шаралары туралы толық ақпарат беріліп, олардың қолжетімділігі назарға жеткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылардың өтініштері мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, көтерілген нақты мәселелер бойынша білікті құқықтық кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1201956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді