ТЕРЕКТІДЕ ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теректі ауданында тәуекел тобына жататын балаларды қолдау және қорғау мәселесіне арналған кеңес өтті.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен өткен жиында білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының өкілдері бас қосып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту жолдарын қарастырды.

Жиында әр балаға жеке сүйемелдеу жүргізу, олардың психологиялық жағдайын бақылау, ата-аналармен тығыз байланыс орнату және профилактикалық жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.

Айта кету керек, бұл мәселе облыс деңгейінде көтеріліп, нақты тапсырмалар берілген. Соған сәйкес аудан көлемінде де жүйелі жұмыстар қолға алынуда.

Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1201904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді