ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
🔰Қабылдауға азаматтар Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен Ордабасы ауданынан келді. Олардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызмет сапасы, инфрақұрылымды дамыту бағыттарындағы өзекті мәселелерді көтерді.
🔰Азаматтар тарапынан тұрғын үй кезегі, баспана алу мүмкіндіктері, жеке зауытты электрмен жабдықтау, тұрғын үй аулаларының жай-күйі, шетелде ем алуға көмек көрсету, көпірді ретке келтіру және басқа да коммуналдық түйіткілдер бойынша өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Бірқатар мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылданып, қалған өтініштер тиісті органдардың қарауына жолданды.
🔰Қабылдау барысында Зұлпыхар Жолдасов азаматтардың өтініштері тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес қаралып, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
🔰Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті салалық басқармалар мен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1202254?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді