ТҮРКІСТАНДА ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, қала әкімінің 2026 жылғы 3 ақпандағы №9-Ө өкімімен құрылған жұмысшы топ Жаңа қала аумағындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізді.
Іс-шара барысында нысандарды паспорттау, оларды бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа нысандарды салу кезінде мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мәселелері қаралды.
Жұмысшы топ құрамында қала әкімінің орынбасары жетекшілік етіп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік және туризм бөлімі, құрылыс бөлімі, білім бөлімі, «Түркістан жол қызметі» КММ, сондай-ақ облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен туризм басқармасының өкілдері қатысты.
Мониторинг нәтижесінде 15 нысан араланып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескерту хаттар берілді.
Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1201769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді