
🔹Бүгін ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Ойыл қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өтті.
🔸Кездесуге мемлекеттік қызмет саласында көп жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан мемлекеттік қызмет ардагерлері «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісінің иегері Бақтыгереев Болат Жонысұлы және «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері Бисекенов Берік Төлеуұлы шақырылып оқушыларға өз өмірбаяндары мен қызметтік жолдары, мемлекеттік қызметтің қыр-сыры туралы тәжірибелерімен бөлісті.
🔹Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлерінен нақты әрі толық жауаптар алды.
🔸Кездесу соңында қатысушылар қонақтарға алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың мемлекеттік қызмет саласына деген қызығушылығын арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1202586?lang=kk

Жауап қалдыру