Жетісу облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Заң талаптарын елемей, өрескел құқықбұзушылықтарға жол беретін және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылуда.
Тек бір күннің ішінде «Қорғау» мобильді қосымшасының көмегімен төленбеген айыппұлдары ең көп жүргізушілер анықталды. Олардың қатарында:
• Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі — 730 000 теңге,
• Toyota Camry — 600 000 теңге,
• Hyundai Accent — 500 000 теңге,
• Lexus — 400 000 теңге көлемінде берешегі бар.
Цифрлық шешімдерді қолдану көлік ағынында құқықбұзушыларды жедел анықтауға және жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
Полиция мәліметінше, мұндай құқықбұзушылықтар — жай ғана айыппұл сомасы емес, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін нақты қауіп.
«Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қозғалыс қатысушысының ортақ жауапкершілігі. Жол қозғалысы ережелерін елемеу міндетті түрде салдарға әкеледі. Біздің міндетіміз — тек құқықбұзушыларды анықтау ғана емес, сонымен қатар қайғылы жағдайлардың алдын алу», — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, айыппұлдарды уақытылы төлеуге және рөлдегі тәртіп — жолдағы қауіпсіздіктің негізі екенін ұмытпауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1202294?lang=kk

Жауап қалдыру