2026 жылғы 08 сәуірде сағат 10-00-де «Алтай аудандының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында Р.Р. Қарағужинаның төрағалығымен Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
- «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нің «Шаруа қожалығын жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісін жүзеге асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелері туралы» ақпаратын қарау.
- Алтай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі №19/2 «Алтай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасы.
- Қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ететін трансформаторлық қосалқы станциялардың және электр желілері желілерінің жай-күйі, сондай-ақ олардың автономды электрмен жабдықтау режимінде жұмыс істеуге дайындығы туралы.
- Алтай ауданындағы криминогендік жағдай, қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар, сондай-ақ құқық қорғау органдарын кадрлық қамтамасыз ету шаралары туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1203001?lang=kk

Жауап қалдыру