10 жыл көші-қон саласындағы полицейдің бір күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көші-қон полициясы – еліміздің қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірі. Бұл бағыт адамдар тағдырымен, олардың өмір жолымен тікелей байланысты. Атырау облысы полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Бекет Ерғалиев осы салада 10 жылдан бері адал қызмет атқарып келеді. Оның негізгі міндеті – көші-қон процестерінің заңды әрі жүйелі жүргізілуін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғау.
Қызмет барысында Бекет Ерғалиев азаматтарды қабылдап, олардың құжаттарын тексеріп, заң талаптарына сәйкес шешімдер қабылдайды. Әрбір өтінішке мұқият қарап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – оның күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі. Осы уақыт ішінде ол 22 мыңнан астам азаматқа жеке куәлік рәсімдеуге үлес қосып, олардың маңызды құжаттарын уақытылы алуына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, Атырау өңіріне ТМД елдерінен келген 10 мың шетелдікке уақытша тұруға рұқсат рәсімдеуге атсалысып, олардың елімізде заң аясында өмір сүруіне жағдай жасады. Бұдан бөлек, 138 шетелдікке Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беріліп, азаматтығы жоқ тұлғаларға төлқұжат рәсімдеу арқылы олардың жаңа өмір бастауына жол ашты.
Көші-қон қызметі – бұл тек бақылау мен тіркеу ғана емес, адамдарға бағыт-бағдар беріп, олардың құқықтарын түсіндіру және нақты көмек көрсету. Әрбір өтініштің артында адам тағдыры тұрғанын терең түсінетін полиция капитаны Бекет Ерғалиев үшін елдің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқару – басты қағида әрі абыройлы борыш.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1202782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді