20-сәуірден бастап «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу» бойынша акция өткізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 20-сәуірден бастап Ішкі істер министрлігімен жүргізілетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша акция өткізетінін хабарлайды.

Аталған акция барысында азаматтар тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының бөлімшесіне тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық
жауапкершіліктен босатылады.

Жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдарға және оқ-дәрілерге тиіспеуді, оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полиция бөлімшелеріне, 102 немесе 112 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз.

ШҚО Полиция департаменті өткізілетін акцияға халық белсенді қатысады және түсіністікпен қарайды деп сенеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1203567?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді