3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
🧮2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» білім беру орталығының ұйымдастыруымен математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, математика пәніне оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында Абай облысы білім беру мекемелерінің 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
♦️Олимпиадаға Семей қаласының білім беру мекемелерінен 34 оқушы қатысты.
📌Олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласының білім беру мекемелерінің 29 оқушысы (3 сыныптар – 11 оқушы, 4 сыныптар – 18 оқушы) 1, 2, 3 жүлделі орындарды иеленіп, 3 қатысушы ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды.
♦️ І жүлделі орынды иеленген жеңімпаздар Абай облысының командасы құрамында «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды:
🥇 Серғазы Сұлтан (3 класс, №30 ЖОББМ, мұғалімі Сламбекова Саулеш Тлековна);
🥇Рауанұлы Алдияр (3 класс, №32 ЖОББМ, мұғалімі Сахариева Гульнар Назархановна);
🥇Айтимбетов Алимгер (4 сынып, №6 гимназия, мұғалімі Уалжанова Раушан Амантаевна.);
🥇Құмарханов Алинур (4 сынып, №13 ЖОББМ, мұғалімі Макулова Айнур Дюсенкановна);
🥇Елшат Төреәлі (4 сынып, №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ, мұғалімі Байжулданова Гульмира Бекеновна.);
🥇Кусманов Ибрагим (4 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия, мұғалімі Кныбаева Мунира Кадыровна).
🥇Маваев Амир (4 сынып, СОШ №43 ЖОББМ, мұғалімі Гончарова Татьяна Александровна);
🏆Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте Семей қаласының командасы Бас жүлдені жеңіп алды.
👏Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1202920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді