Абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық Ескерткіштер мен тарихи орындардың халықаралық күні аясында Жанама ауылында «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне» арналған ескерткішке абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара барысында ескерткіш аумағы тазартылып, әктеу және сырлау жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, олардың санитарлық жағдайын жақсарту және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Айта кету керек, бұл атаулы күн 18 сәуірде атап өтіліп, тарихи ескерткіштерді қорғау мен сақтау мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1203527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді