Әулиекөл аудандық мәслихатының он төртінші сессиясын (сегізінші шақырылымының) шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19- бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы 2026 жылғы 28 сәуірде сағат 10:00-де аудан әкімі аппаратының үлкен залында мынадай күн тәртібімен шақырылсын:
- Әулиекөл ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы;
- Әулиекөл ауданының ауылдары, кенті, ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.
- Әулиекөл аудандық мәслихатының он бесінші сессиясының күн тәртібі туралы.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Д.Қойшыбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-auliekol/press/news/details/1203174?lang=kk

Жауап қалдыру