Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас прокуратураның Құқықтықстатистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңҚоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлердіболжау  орталығы  бұлттық  сервистерді  пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

Шетелдік    дереккөздердің    мәліметтері    бойынша (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,  https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomika-glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)зиянкестерiPhone  пайдаланушыларына  iCloud  бұлттық қойманыңтолып кеткені  туралы  жалған  электрондық  хаттар, SMS-хабарламалар  және хабарландыруларды жаппай таратуда.

Хабарламаларда  аккаунттың  бұғатталатыны  және  фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.Бұл  хабарламалар бұлттық  платформаларды  қоса  алғанда танымал сервистердің,ресми  ескертулерін  толықтай  қайталайды, бұл  олардың шынайы  екеніне  сенім  тудырып,  пайдаланушыны  әрекет  жасауға итермелейді.

Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп,  сақтау  көлемін  ұлғайту,  төлем  деректерін  жаңарту  немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.Сілтемені  басқан  кездеықтимал  құрбандар  түпнұсқа  сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.

Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google  Drive,  Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.

Қауіп-қатердіңосы  түрі  тарала  бастағанынескере  отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:

-SMS, электрондық  пошта  және  мессенджерлердегі  «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;

-бұлттық қойманыңжағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;-бөгде парақшалардалогиндер, құпиясөздер және банк деректерін енгізбеу;

-барлық  бұлттық  және  пошталық  аккаунттарда  екі  факторлы аутентификацияны қосу;-әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;

-бұзып кірукүдігіболған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.

Сақ  болыңыз:  деректердің  жойылуы  немесе  аккаунттың бұғатталуы туралы  кез  келген  хабарламаны  тек  ресми  сервистер арқылы тексеріңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1202894?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді