
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында, жоғары оқу орындарымен жасалған меморандумдар негізінде Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ) өкілімен өтті.
Кездесу барысында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту элементтерін енгізу мәселелері талқыланды. Тиісті келісімшартқа отыру мүмкіндігі, сондай-ақ басқарманың тәжірибелі мамандарын оқу-тәжірибелік сабақтарға, семинарлар мен шеберлік сыныптарына тарту қарастырылды. Аталған бастаманы іске асыру студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ теориялық білімді тәжірибелік дағдылармен тиімді ұштастыруға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, қол жеткізілген келісімдер Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен АЭБУ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың берік негізін қалайды. Дуалды оқыту элементтерін енгізу мамандар даярлау сапасын арттыруға, олардың тәжірибеге бағытталған дағдыларын қалыптастыруға және білім беру процесі мен саланың өзекті талаптары арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осы бағыттағы бірлескен жұмыс өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары білікті кадрларды қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша, АЭБУ-мен ынтымақтастық өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының заманауи талапттарға сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін зор әлеуетке ие болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1203461?lang=kk

Жауап қалдыру