
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиевтің төрағалығымен 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел кеңес өткізілді.
Іс-шараға департаменттің құрылымдық бөлімше басшылары, мекеме бастықтары, жеке құрам және қызметкерлер қатысты. Кеңес барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты талданып, жүзеге асырылған іс-шаралар мен қол жеткізілген көрсеткіштерге тиісті баға берілді.
Жиын барысында департамент бастығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан берілген тапсырмаларды жеткізіп, коллегияда белгіленген алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды айқындады. Атап айтқанда, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, кадрлық әлеуетті нығайту, сотталғандармен және пробация есебінде тұрған тұлғалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайту, цифрландыру үдерістерін дамыту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты күшейту қажеттілігі атап өтілді. Қызмет барысында анықталған кемшіліктерді жою және оларды алдағы уақытта болдырмау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы уақытқа арналған жұмыс жоспары бекітіліп, департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1203431?lang=kk

Жауап қалдыру