
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Үш таған» журналының бас редакторы, Темір ауданының Құрметті азаматы Ертай Ашықбаев 70 жасқа толды.
Осыған орай Темір аудандық мәдениет үйінде ақынның шығармашылығына арналған тағылымды мәдени кеш өтті. Шара барысында ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы кеңінен насихатталып, жырлары оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды.
Кеш барысында мерейтой иесі туған елдегі ыстық естеліктерімен бөлісіп, жылы лебізін білдірді.
Мерейтой кешінде аудан әкімі А.Жақсылықов, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Б.Қалмағанбетов және «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Р.Отыншин құттықтау сөз сөйлеп, ақынға құрмет көрсетті.
Тағылымды кеш көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1202800?lang=kk

Жауап қалдыру