
Астана қаласында 2026 жылғы 15-17 сәуір күндері Талғат Бигельдинов №1 мектеп-лицеінің базасында дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының Халықаралық конкурсы өткізілді.
Конкурстың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, математика және механика саласындағы дарынды жастарды анықтау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және болашак жас ғалымдарды қолдау.
Іс-шараға Қазақстан, Таиланд және Түркия елдерінен 99 жобамент 135 оқушы қатысты. Олар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» секциялары бойынша бақ сынады.
Республикалық зерттеу жобалар конкурсына облыстық кезеңінің 5 жүлдегерінен құрастырылған Павлодар облысының командасы қатысып, 5 медаль жеңіп алды.
Халыкаралық конкурсының қорытындысы бойынша күміс медаль мен ІI дәрежелі диплом иегері Курмансиитова Айдана (механика секциясы, мұғалімі Байшина М.К.).
Қола медальдармен және III дәрежелі дипломдарымен облыстық көпсалалы лицей-интернатының оқушылары Амантай Ескендір және Амренов Әлімжан (секция – математика, мұғалімі: Нургалиева Г.Е.); Абай атындағы гимназиясының оқушысы Әлімжанова Айжан (секция – қолданбалы математика, мұғалімі: Бутабаева Б.С.), сонымен қатар Павлодар қаласы №25 ЖОББМ-нің оқушысы Жанаева Гүлдана (секция – экономикадағы математикалық әдістер, мұғалімі: Ахметова А.Т.) марапатталды.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1203129?lang=kk

Жауап қалдыру