
Алқалы жиынға аумақтық полиция бөліністерінің бірінші басшылары мен орынбасарлары қатысып, атқарылған жұмыстар сараланып, жетістіктер мен кемшіліктер жан-жақты талқыланды.
Жиынға төрағалық еткен департамент бастығы Оңал Бекеев жұмыстың негізгі бағыты ретінде Конституциялық негізде айқындалған «Заң мен Тәртіп» қағидатын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларына сәйкес, бұл қағидат қоғам өмірінің барлық саласында басты басымдыққа айналуы тиіс екенін жеткізді. Аталған бағыт құқықтық сананы арттыруды және заң талаптарын бұлжытпай сақтауды көздейді.
Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары есептік кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Нәтижесінде өңірде құқық бұзушылықтар санының төмендегені, сондай-ақ оларды ашу және сотқа жолдау көрсеткіштерінің жақсарғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, бірқатар аудандық полиция бөліністерінің басшылары тыңдалып, жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер бойынша нақты ескертулер берілді.
Жиын қорытындысы бойынша департамент бастығы Оңал Бекеев өңір сақшыларына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейту, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында нақты міндеттер жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1202821?lang=kk

Жауап қалдыру