
Шығыс Қазақстан облысы Қабанбай ауылының маңында ашық аумақта қамыстың жануы орын алды.
Өртті сөндіруге Шорға ауылының «Ауыл құтқарушылары» күштері мен жергілікті атқарушы органдар жедел түрде жұмылдырылды. Өрт 1 гектар алаңда толықтай сөндірілді. Оттың жақын маңдағы аумақтарға таралуына жол берілмеді.
Ауылдық елді мекендерде «Ауыл құтқарушыларының» жұмылдырылуы олардың төтенше жағдайларға ден қою жүйесіндегі маңызды рөлін айқындайды. Олардың қатысуы оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, өртті бастапқы кезеңде тиімді сөндіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1202833?lang=kk

Жауап қалдыру