БӘЙДІБЕК: ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, округте атқарылып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар баяндалды.
 
Атап айтқанда, Шаян–Жамбыл–Таңатар елді мекендері арасындағы магистральды су құбыры мен су тазарту нысандарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске асқан жағдайда 12 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
 
Сонымен қатар, Жамбыл елді мекеніндегі ауыз су жүйелері жаңартылып, Шыбыт ауылында су ұңғымасын қазу жұмыстары қолға алынған.
 
Электрмен жабдықтау саласында Жамбыл және Тасқұдық елді мекендерінде жаңа электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 90-нан астам тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылады.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында Жүзімдік елді мекенінде балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріліп, Жамбыл ауылында 7 гектар аумақ қоршалды. Сонымен қатар, су арналары механикалық тазалаудан өткізіліп, су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілді.
 
Ағымдағы жылы бірнеше елді мекенде көше жарығын орнату, Жүзімдік ауылындағы «Кәрітоған» каналындағы тоспаны жөндеу, сондай-ақ Тасқұдық және Жүзімдік елді мекендеріне кіреберіс жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
 
Кездесу барысында көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетіні атап өтілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1202780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді