БИЫЛ «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНДА АЛТЫ ЕЛДІҢ ӨКІЛДЕРІ БАҚ СЫНАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үстіміздегі жылғы 21–28 маусым аралығында Бурабай курорттық аймағында өтетін XII «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары қатысады.

«Айбын» жиыны өңірдегі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің ең ірі алаңдарының бірі болмақ. Биыл оған 54 команда қатысады, оның алтауы шетелден кележді. Жиын жыл сайын еліміздің әртүрлі өңірлерінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Бұл Қазақстанның ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге сенімді алаң екенін көрсетеді.

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Ақмола облысына барып, алдағы жиынға дайындық барысын тексерді. Инфрақұрылымның дайындығын бағалау және атқарылып жатқан жұмысты үйлестіру мақсатында бағдарламаның негізгі бөлігі өтетін «Амандық» полигонына да барды.

Сапар барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев және тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1203295?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді