
2026 жылдың 13 – 17 сәуір аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Т.Мақаш, Ж.Жарасбаев, Ә.Әбләзім және М.Бисенова қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
– Әлеуметтік көмек көрсету;
– Сырдария тұрғын ауданы, Мамыр көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
– Бәйтерек-3, Бәйтерек-4 тұрғын аудандарындағы көшелерді асфальттау;
– Бәйтерек тұрғын ауданына мемлекеттік балабақша салу және балалар ойын алаңын салу;
– Амангелді көшесі №2 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңын салу туралы.
Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілуіне өз тараптарынан жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1203537?lang=kk

Жауап қалдыру