Елордалық Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы Полиция департаментінде жас қызметкерлер мен ішкі істер органдарының ардагерлері арасында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынның кәсіби біліктілігін арттыру, тәлімгерлік дәстүрді нығайту және заңға деген құрметті қалыптастыру.
Кездесу барысында қызметтік тәжірибе алмасу, жас мамандарға бағыт-бағдар беру, қызмет барысында кездесетін қиындықтарды еңсеру жолдары кеңінен талқыланды. Ардагерлер өздерінің көпжылдық тәжірибелерімен бөлісіп, құқық қорғау саласында адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шарада тәлімгерлік институтының рөліне ерекше көңіл бөлініп, жас қызметкерлерге кәсіби тәртіп, жауапкершілік және азаматтармен жұмыс істеу мәдениеті жөнінде маңызды кеңестер берілді. Сонымен қатар, заңға құрмет пен антына адалдық – полиция қызметкерінің басты қағидаты екені айтылды.
Кездесу аясында сөз алған Патрульдік полиция полкінің қызмет аға инспекторы полиция капитаны Нұрсұлтан Динабеков қызмет барысында қауіпті жағдайлар жиі кездесіп, мұндай сәттерде ең бастысы – батылдық пен шапшаң шешім қабылдау керек екенін атап өтті.
Ол азаматтардың өміріне қауіп төнген күрделі жағдайға алғашқылардың бірі болып жеткен. Қауіпке қарамастан, ол әріптестерімен бірге жедел әрекет етіп, жағдайды бақылауға алып, адамдардың өмірін сақтап қалуға ықпал еткен. Осы оқиға оның қызметіне деген адалдығын, кәсібилігін және жоғары жауапкершілігін айқын көрсетті.
Шара барысында қатысушыларға полиция қызметкерлерінің ерлігі мен күнделікті еңбегін бейнелейтін бейнеролик көрсетілді. Бұл жас қызметкерлерге ерекше әсер қалдырып, олардың кәсіби мотивациясын арттыруға ықпал етті.
Астана қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да осындай тағылымды кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1203249?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді