Елорданың «Алматы» ауданында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорданың «Алматы» ауданында тұрғындарды сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен және тұрақты ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

«Железнодорожный» тұрғын алабында тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жобасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бүгінгі таңда 700-ден астам абонент қосылған. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй иелерінен де өтінімдер қабылдануда.

Қосылу және кеңес алу үшін: 191.

«Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында да жоғары жылдамдықты интернет қызметтері қамтамасыз етілген, қазіргі таңда 1039 абонент қосылған.

Қосылу және кеңес алу үшін: 8 776 072 7272.

Ұялы байланыс сапасын арттыру және «ақ дақтарды» жою мақсатында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, қосалқы мақсаттағы тіректер келесі мекенжайларда орнатылды:

  • В. Маяковский көшесі (Железнодорожный т/а);
  • Құншуақ пен Рудаки көшелерінің қиылысы (№6 емханаға қарама-қарсы);
  • Шарль де Голль көшесі («7Я» ТК-ға қарама-қарсы).

Сонымен қатар, аудан аумағында ұялы байланыс операторларының 7 антенна-діңгекті құрылғысы жұмыс істейді:

  • Таскескен көшесі (ҚХР елшілігіне қарама-қарсы);
  • Б. Момышұлы көшесі, 5/1 (ҚФФ аумағы);
  • Дауылпаз және Аққайың көшелерінің қиылысы;
  • Жалайыри және Елім-ай көшелерінің қиылысы;
  • «Қазақстан» спорт кешені;
  • «Оңтүстік-Шығыс» ш/а (Бурабай және Ер Қосай көшелерінің қиылысы маңы);
  • Тәуелсіздік даңғылы (Отан қорғаушылар алаңы аумағы).

Осылайша, жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы ұялы байланыс қамту деңгейі тұрақтандырылып, бүгінгі таңда «ақ дақтар» жоқ.

Инфрақұрылымды одан әрі дамыту жұмыстары жалғасуда және «Алматы» ауданы әкімдігі аппаратының тұрақты бақылауында.

Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (701) 553-26-27 — «Алматы» ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рауан Елембаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1202860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді