ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТЕР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды еске салады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер барлық еңбек шарттарын міндетті түрде Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде (ЕСУТД) тіркеуі тиіс. Бұл талап тек еңбек шартын жасасу немесе тоқтату кезінде ғана емес, сонымен қатар еңбек шартына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыруларды да қамтиды. Аталған норма шетелдік қызметкерлерге де бірдей қолданылады.

Жұмыс берушілердің еңбек қатынастары туралы мәліметтерді ЕСУТД жүйесіне енгізу міндеті Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында нақты бекітілген.

Еңбек шарттарын электронды форматта тіркеу – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының ресми дәлелі болып табылады. Бұл өз кезегінде азаматтардың еңбек, әлеуметтік және зейнетақы құқықтарының сақталуына кепілдік береді.

Атап айтқанда, электронды еңбек шартының болуы қызметкерге жалақының уақытылы төленуіне, әлеуметтік төлемдер алуға, зейнетақымен қамсыздандыруға, сондай-ақ еңбек даулары туындаған жағдайда құқықтық қорғанысқа ие болуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, барлық жұмыс берушілерге еңбек шарттарын уақытылы және толық көлемде ЕСУТД жүйесіне тіркеу қажеттігі қатаң түрде ескертіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1203396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді